Бұл туралы журналист Фабрицио Романа твиттердегі парақшасында жазды.
«Біз жаңа маусымда «Барселона» сапында ойнайтын екі футболшымен келісімшарт жасастық. Олардың бірі жартылай қорғаушы болса, екіншісі орталық қорғаушы. Алайда олардың аттарын атауға әзірге рұқсат жоқ», делінген хабарламада.
Бейресми деректерге сенсек, «Барселона» футбол клубы италиялық «Милан» командасының жартылай қорғаушысы Франк Кессье мен ұлыбританиялық «Челси» футбол клубының орталық қорғаушысы Андреас Кристенсенді қатарына қосқан.
Алайда футболшылар жанкүйерлерге ресми таныстырылғанға дейін олардың команда ауыстырғаны туралы ашық ақпарат жарияланбайды.