Президент • 29 Наурыз, 2022

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы шақырылды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы шақырылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы 2022 жылғы 29 наурыз

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 29 наурыз

№ 295