Аймақтар • 29 Наурыз, 2022

Қазақстанның бес облысында жол жабылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның бес облысында жол жабылды

Еліміз бойынша барлығы 13 жол жабылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі күн райының жақсаруын күтіп, алыс жолға шықпау керектігін атап өтті. Қазақстандықтарды күн райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Жұмыс күшейтілген режимге ауыстырылды. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.