Пікір • 30 Наурыз, 2022

Мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланған абзал

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселесі орнықты баяндалып, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарылату елдің тұрақты жан-жақты дамуына әкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз.

Мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланған абзал

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы бірқатар өзгеріс туралы айтты. Бұл кезең тарих бет­теріне жазылып, ел дамы­ту­дың жаңа бағытының – Жаңа Қазақ­станның бастауы болады.

Президент халықтың пік­іріне құлақ асып шешім қ­абыл­даға­нын жеткізді. Соның ішінде жаңа­дан облыстар құрылуы­ның, оларға Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берілуінің астарында зор мағына бар. Ерек­ше бір айта кететіні, Қапшағай­дың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың атына беруді ұсынды.

Халықтың пікіріне құлақ асатын биліктің әрдайым мәртебесі жоғары болады деп ойлаймыз. Барлығы бірден болуы мүмкін емес, сол үшін атқарылатын жұмысты, алға қойылған ауқымды міндеттерді қоғам болып, ел болып бірге еңсерейік, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

 

Руслан ХАМЗА,

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталықтың атқарушы директоры

 

Атырау