Аталған жарысты Қазақстан құрамасы үш жүлдемен қорытындылады. Осыған дейін Анастасия Городко жекелеген сайыста және Федор Бугаковпен бірге аралас жұптар жарысында күміс медальды еншілеген еді. Біріншіліктің соңғы күні параллельді могулдан өткен бәсекеде дәл осы 16 жастағы қызымыз алтыннан алқа тағып, алыстағы Апеннин түбегінде Қазақ елінің әнұранын шырқатты.
Қазіргі кезде барша маман Анастасияның әлеуетін жоғары бағалап, келешекте оның зор табыстарға қол жеткізетініне ерекше сенім білдіруде. Оған біздің де күмәніміз жоқ. Былтыр Городко Алматыда өткен әлем біріншілігінде күміс медаль алып, биыл Бейжіңдегі Олимпия ойындарына қатысты.