Елорда • 30 Наурыз, 2022

Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп және тоқтатылып жатыр. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр

фото: nn-airport.kz

«Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бірақ рейстер кешігіп жатыр. 36 рейстің қону, 28 рейстің ұшу уақыты шегерілген. 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп», деді Шалекенов.

 

Ол жолаушылардан әуежайдың ақпараттық қызметтері мен әуекомпанияның байланыс орталықтарынан рейстердің кешігуі, сондай-ақ тоқтатылуы туралы ақпаратты нақтылап алуды сұрады.

«Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан сақ болуды сұраймыз», деп қосты ол.