Елорда • 30 Наурыз, 2022

Елорда маңына қатынайтын автобустар қайтадан жүре бастады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде орналасқан елді мекендерге қатынайтын жолаушылар автобустары қайта қатынай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда маңына қатынайтын автобустар қайтадан жүре бастады

«Сағат 10:30 өзекті ақпарат: қала маңына қатынайтын №№ 302, 303, 308, 320, 323 бағдарларының қозғалысы қалпына келтірілді. Бағдарлардың қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес қаладан басталады», деп мәлім етті City Transportation Systems компаниясынан.

Еске салайық, бүгін таңертең ауа райы жағдайына байланысты қаламаңы автобустарының қызметі тоқтатылған болатын. Кеше сағат 19:00-ден бастап елордада боран, екпінді жел, қалың қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Қала бойынша аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмылдырылды.