Кәсіпқой бокс • 30 Наурыз, 2022

«Канело» қалаған боксшысымен жұдырықтасады – Флойд Мейвезер

2440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлемінің аңызы Флойд Мейвезер екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварестің кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info.-ға сілтеме жасап.

 

«Канело» қалаған боксшысымен жұдырықтасады – Флойд Мейвезер

«Дәл қазіргі таңда «Канело» өзі қалаған биікке көтерілді. Ол қандай қадамға барса да, біз Сауль бүгінгі кәсіпқой бокстың бет-бейнесі екенін түсінеміз. Бір сөзбен айтқанда Сауль – кәсіпқой бокс әлемінің бүгінгі Мейвезері. Ол қалаған боксшысымен жұдырықтасады. Әйткенмен мен Сауль үшін ең қауіпті қарсылас Давид Бенавидес деп ойлаймын. Бенавидес жас әрі жеңіске деген құштарлығы зор. Ол бірнеше соққыдан тұратын мықты комбинацияларымен кімді де болсын састырады. Кезінде мен «Канелоға» мүмкіндік бердім. Сол секілді ол да Бенавидес пен Джермалл Чарлоға мүмкіндік бергені жөн», деді Флойд Мейвезер FightHype.com-ға берген сұхбатында.