Білім • 30 Наурыз, 2022

Жазғы мектептер қайта жұмыс істейді

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың оқу жылы ұзарта ма, жоқ па, соны айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жазғы мектептер қайта жұмыс істейді

«Бізде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бар, ол меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін бірдей. Оқу жылы 25-ші мамырда аяқталады. Мен кеше тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бірақ, соған қарамастан, қаңтар айында белгілі бір уақыт ішінде объективті жағдайлар бойынша оқушылар тиісті білім ала алмағанын да ескереміз. Жалпы, пандемия басталғалы бері білім беру жүйесі қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты өткен жылы бізде жазғы мектеп өткізу тәжірибесін қолға алған едік», деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, көптеген елдерде жазғы мектептер жұмыс істейді, олардың кейбіреулері оқу жылының ұзақтығын арттырады.

«Біз де осы жылы, өткен жылдағыдай, балаларымыз үшін жазғы мектеп өткіземіз деп айтамыз. Бұл балалар өз білімдерін шыңдап, біздің мұғалімдермен бірге жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік алуы үшін қажет. Айта кетсем, бұл қосымша  шығындарға әкелмейді», деді министр.

Еске сала кетсек, қаңтар айында жаппай тәртіпсіздікке байланысты қазақстандық оқушылар мен студенттердің  қысқы демалысы ұзартылған еді.