Спорт • 30 Наурыз, 2022

Шорт-тректен ел чемпионаты басталды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алау» мұз айдынында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел чемпионатының ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шорт-тректен ел чемпионаты басталды

С.Ерғалиев чемпионаттың ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Шорт-трек елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Бұған айқын дәлелдердің бірі – Бейжің Олимпиадасындағы шорт-тректен ұлттық құраманың нәтижелері. Аталған спорт түрінде жастар арасында да мықты спортшылар бар екені көңіл қуантады. Алдағы уақытта министрлік тарапынан спортшыларымыздың сапалы дайындық жұмыстарын ұйымдастырып, әлемдік ареналарда жоғары нәтижелер көрсетуі үшін жан-жақты жағдай жасаймыз», деді комитет төрағасы.

Ұлттық құраманың үздік спортшыларын анықтайтын жарыс 31 наурызға дейін жалғасады.