Спорт • 30 Наурыз, 2022

Денис Никиша шорт-тректен ел чемпионы атанды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтық бойынша ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Денис Никиша шорт-тректен ел чемпионы атанды

Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер арасында 500 метр қашықтық бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды. 

Ерлер арасында Павлодар облысының өкілі Денис Никиша топ жарды. Батысқазақстандық Нұртілек Қажығали екінші болса, павлодарлық Еркебұлан Шамұханов үздік үштікті түйіндеді.