Amanat партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделердің орындалу барысына сапалы және жүйелі мониторинг жүргізумен айналысады. Олардың жиындарын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсету жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, кезектен тыс ХХІІ съезде Amanat партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жанындағы қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру міндетін қойған еді. «Қоғамдық кеңестердің бір-бірінің жұмысын қайталауына жол бермеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, партия Төрағасының келісімімен және Саяси кеңес Бюросының шешімімен олардың саны 14-тен 9-ға дейін қысқартылып, басшылары бекітілді», деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов кеңестердің жаңа төрағаларымен кездесу барысында.
Сонымен, Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесті – Ерлан Саиров, Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңесті – Аманжан Жамалов, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті – Динара Зәкиева, Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесті – Саясат Нұрбек, Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras қоғамдық кеңесін – Аманжол Әлтай, Экологиялық кеңесті – Еділ Жаңбыршин, Өңірлік даму жөніндегі кеңесті – Әмірхан Рахымжанов, Жастарды қолдау жөніндегі кеңесті Елнұр Бейсенбаев басқарады. Ал Партиялық бақылау комитетіне бұрынғысынша Артур Платонов төрағалық етеді.
Кездесу барысында атқарушы хатшы кеңестер жұмысының жаңа форматын таныстырды. Атап айтқанда, жыл соңында Сайлауалды бағдарламаның нақты индикаторларының орындалмауына қатысты тәуекелдер анықталған жағдайда, мемлекеттік органдардың жауапты басшылары кеңестер отырысында есеп береді.
Сонымен қатар кеңестер партия Төрағасының тапсырмаларын жемісті жүзеге асыру үшін белсенділер мен сарапшылардың басын қосады. «Біздің кеңестеріміз партияластардың сеніміне ие белсенді де беделді тұлғаларды тартып, оларды ілгерілету тетігіне айналуға тиіс. XXII съезде партия Төрағасы: «Праймериз барысында партияға белсенді адамдар келіп, партияішілік бәсекелестік пайда болды. Бұл құптарлық жағдай», деген болатын. Сондықтан кеңестердің жұмысына елдің дамуына өз үлесін қосқысы келетін кәсіби мамандарды тарту қажет», деді А.Оралов.
Өңірлік даму кеңесінің төрағасы Әмірхан Рахымжанов алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына шамамен 450 млрд теңге бөлінді. Осы ақшаның тиімді жұмсалуын бақылау – біздің кеңестің негізгі міндеттерінің бірі. Партияның сайлауалды уәделерін нақты іске асыру осыған байланысты», деді ол.
Өз кезегінде, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов, «Бүгінгі таңда елімізде және әлемде орын алып жатқан оқиғалар Президент қойған міндеттерді барынша жедел орындаудың маңыздылығын көрсетеді. Еліміздің болашағы, аумақтық тұтастығы, Тәуелсіздігі және халықтың әл-ауқаты осыған байланысты», деді.
Экологиялық кеңестің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің пікірінше, аманаттықтарға өңір тұрғындарымен көбірек кездесулер өткізу керек. «Халықпен кездесуде көтерілетін мәселелердің 80%-ы сол жергілікті жерлерде шешілуі тиіс. Тек 20-25% ғана заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты немесе орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді. Қалған мәселелер аудан, облыс деңгейінде шешілуі керек», деді Е.Жаңбыршин.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық кеңестер 80-нен астам отырыс өткізді. Олардың барысында 160-тан астам мәселе қаралып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар жолданды.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар