Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Бұл өзгерістер Қазақстанның тәуелсіз және еркін ел ретінде өмір сүруі үшін жасалды. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан ғана емес, қоршаған орта да, әлем де өзгерді. Біз қазір үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүріп жатырмыз, қарқынды дамып жатқан саяси және экономикалық жағдайлардың куәсі болып отырмыз. Күн сайын жаңа мәселемен бетпе-бет келіп, оны шешуімізге тура келеді. Күш пен бостандықты қатар ұстап, бүгінгі өзгерістерге бейімделе алған кез келген мемлекет жетістікке жетуге қауқарлы.
Ел мен халқы мемлекеттің саяси, экономикалық, құқықтық қауіпсіздігінің нығаюына қарай дамуын жалғастырса, сол елдің болашағы зор болмақ.
Қазіргі кезең Қазақстан үшін 30 жыл бұрынғы азаттық алған сәттен кем түспейді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық және саяси жолын, сол арқылы халқының ондаған жылдардағы өмірін айқындайтын жалпыадамзаттық құндылықтарға маңыз беріп отыр. Президент жариялаған реформалар тарихи маңызға ие, өйткені олар мемлекеттік басқару үшін, жалпы қоғам үшін жаңа моральдық-этикалық қағидаларды айқындайды.
Президент билігін орталықсыздандыру, Парламентті күшейту, партия сайлауларында еркіндікке кепілдік беру, муниципалдық және атқарушы биліктің ауысуы, барлық адам үшін құқықтың үстемдігі – осының бәрі Қазақстанды болашақ әлемдік саясаттың қазіргіден де күшті ойыншысына айналдырады. Алға қойған бағдарламаларды іске асыру үлкен жұмысты талап етеді.
Қазақстан жарияланған реформалар мен демократиялық шараларды іске асыра отырып, әлемнің көптеген еліне үлгі болып қана қоймай, халықаралық аренада маңызды елге айналып келеді.
Алға қойылған барлық жоба мен жоспар орындалып, белгіленген реформалар жүргізіліп, Қазақстан тарихының жаңа тарауы ашылатынына сенім білдіремін.
Шаги ГАБОР,
Globália Kft. бас директоры (Мажарстан)