04 Сәуір, 2014

Үздіктер тәжірибесіне арналған семинар

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» партиясы  об­лыс­тық филиалында «Ақтөбе об­лысы үздік ұстаздарының іс-тәжірибе жұмыстарын тарату»  атты республикалық семинар өткізілді. Семинарға  Білім және ғылым министрлігінің өкілдері,  барлық облыстардың білім бас­қармасының  кадр мәселелері бойынша бөлім жетекшілері, мамандары, облыстық,  Астана және Алматы қалалары, аудан­дық, қалалық әдістемелік каби­неттерінің меңгерушілері, кадр жөніндегі  мамандары, озық іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған ұстаздар қатысты. Үздік ұстаздар бас қосқан алқалы жиында облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова сөз алып,  өңірде білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  Білім беру сапасын арттыру, ұстаздар қауымының беделін көтеру бағытында жасалып жатқан шараларды тілге тиек етті. Семинарға қатысушылар ал­дын­­да  Білім және ғылым ми­­нистрлігінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру департаментінің бас сарапшысы Айман Дүйсенбаева «Мұғалім мәртебесінің жоғары болуы – білім беру жүйесін жаңғыртудың басты шарты»,  Ақтөбе облыс­тық ғылыми-тәжірибелік орта­лығының директоры Нұргүл Әбішева «Облыс педагогтарының инновациялық  іс-әрекеттік әлеуетін көтеруге әдістемелік қолдау көрсету», Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж. Мұхамбетова «Әдіскерлердің заманауи өзіндік инновациялық кеңістігін жобалау» деген тақырыптарда баяндама жасады. Содан кейін семинарға қаты­сушылар баяндамаларда қозғалған  білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша пікір алысты, ой бөлісті, ұсыныстарын айтты. Семинар аясында Ақтөбе облысының білім саласы үз­дік­тері марапатталды. Се­минардың екінші бөлімінде түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.