Пікір • 31 Наурыз, 2022

Инвесторлардың көңілін орнына түсірді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформаларға қатысты халыққа Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Шынымды айтсам, Жолдауда өте жағымды мәлімдемелер келтірілгеніне назар аударған жөн.

Инвесторлардың көңілін орнына түсірді

Бұл Жолдау Қазақстан мен оның халқына ғана емес, Қазақстанға жақ­сы­лық тілейтін бүкіл әлемдегі адам­дарға, сондай-ақ биылғы қаңтар айын­дағы қайғылы оқиғадан кейін елдегі рефор­малардың бағытын білмекке ұмтылған бизнесмендерге арналған.

Конституциялық реформалар, шын мәнінде, саяси жүйе ішіндегі билік­ті қайта бөлуді көздейді. Сондықтан суперпре­зидент­тік жүйеден бас тартып, ықпалды Парла­мент, сондай-ақ бақылауы жоғары және өз аймақтарының дамуында үлкен рөл атқаратын аймақ­тық көшбасшылар тура­лы сөз қозғалды. Тұтастай алғанда, бұл Қазақ­станның демократияландыру жолын­дағы іргелі қадамы және оны құптау керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі реформаларға қайта-қайта басым­­дық беріп, олардың өзі жүзеге асырғысы келетін көптеген басқа реформа үшін іргелі бағытқа айналатынына сенімді.

Әрине, бұл Жолдау қаңтар қасі­реті­нен кейін қауіптенген көптеген тіке­лей шетелдік инвестордың, кәсіп­керлердің, банкирлердің күпті көңілін орнына түсіру тұрғысынан да маңызды.

Бұл Қазақстанның реформалар бағ­дарламасы мен экономикалық даму жоспарларын жүзеге асыруды тоқтат­пай­тынын, елдің алға басып келе жат­қанын еске салады. Мұндай қадам қазақ қоғамының дамуындағы айтулы оқиға ретінде тарихта қалады деп ойлаймын әрі елді ілгері жылжытуға жол ашады.

 

Алан СПЕНС,

Қазақстанның Солтүстік Англиядағы құрметті консулы