Спорт • 31 Наурыз, 2022

Ұланбатырда белдеседі

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-24 сәуір күндері Ұланбатырда өтетін Азия чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері қандай құ­рамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Ұланбатырда белдеседі

Ұлттық командамыздың бас бапкері Серік Жұмашев осы жарысқа 10 шәкіртін қосуды жөн көрді. Солардың арасынан Мейрамбек Айнағұлов (63 кило) пен Мейіржан Шермахамбетті (67 кило) ерекше атап өтуге болады. Олар – әлем чемпио­натында жеңіс тұғырына көтерілген сақа спортшылар. Мәселен, Мейрамбек 2017 жылы Парижде күміс алса, 2019 жылы Нұр-Сұлтанда қолаға қол созды. Мейіржан 2018 жылы Будапештте үшінші орынды иеленді. Ернұр Фидахметов (60 кило), Мақсат Ережепов (77 кило), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кило) және Әлімхан Сыздықовқа да (130 кило) артылар сенім зор. Бұл балуандардың алды Азия чемпионы атанса, қалғандары жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар Моңғолияның астанасында Аманғали Бекболатов (55 кило), Абылайхан Әмзеев (72 кило), Диас Кален (82 кило) және Санжар Серікқан (87 кило) өнер көрсетеді.