Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты. Ұлттық командамыздың мүшесі Игорь Чжан 175 шақырымдық топтық сайыста топ жарды. Шешуші тұста жерлесімізге жол берген жапониялық Нариюки Масуда мен моңғолиялық Жамбалжамц Ерденбаат екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Әйелдердің элиталық бәсекесінде Махаббат Үмітжанова мен Анжела Соловьева күміс пен қола медальдарды иеленсе, әйелдер арасында алғашқы екі орынды Ақпейіл Өсім мен Светлана Пащенко иемденді.
Сөйтіп, Памир тауы баурайында өткен жарысты қазақстандық велошабандоздар 20 жүлдемен қорытындылады. Оның 7-еуі – алтын, 8-і – күміс және 5-еуі – қола медаль.