Елорда • 31 Наурыз, 2022

Түрік шайы таныстырылды

968 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Түрік шайын таныту» іс-шарасын өткізді.

Түрік шайы таныстырылды

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Мәдениет орталығының ха­барлауынша, түрік шайы Ана­долыға XVI ғасырдан бастап Қы­тайдан Жібек жолы арқылы тарала бастаған. Османлы мем­лекетіне XVI ғасырда шипалы сусын ретінде әкелінген шай туралы 1731 жылы парсы тіліндегі «Рисале-и чай» атты еңбекте баян­далады. Батумиге жұмысшы ретінде барып келіп жүрген Ризе және Артвин халқы қайтқанда шай бұтақтарын әкеліп, оны бақшаларына еге бастаған. Кейін ормандық ал­қаптар мен қырларда да өзді­гінен өсетіні анықталды. Осман­лы мемлекетінің құзырлы ме­кемелері шайдың зияны жоқ екені дәлелденгеннен кейін өндірісіне де рұқсат берген. Ал Түркия Республикасы құрыл­ғаннан кейінгі жылдары Ризе мен Трабзон облыстарында шай өсіру кешенді түрде экономиканың бір саласына айнала бастады. Ең ірі шай өндіру фабрикасының негізі Ризеде 1946 жылы қаланып, 1947 жылы шай тауар ретінде айналымға шыққан.

а

Айта кетейік,  бүгінде шай – әлемдегі судан кейін ең танымал және көп қолда­нылатын сусын түрі ретінде түрік асханасының және мә­де­ниетінің де ажырамайтын бөлшегіне айналған. Түркия әлем бойынша шай өндіруде төртінші, ал тұтынуда алғашқы орынды иеленеді. Сондай-ақ қазіргі күні Түр­кияда шамамен 1 миллион адам шай өндірісі нарығында ең­бек етеді.

Аталған фестиваль аясын­да қатысушыларға түрік шайы, түрік симиті мен ірімшігі ұсынылып, түрікше әндер орындалды. Іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Парламент депутаттары, елор­дада­ғы дипломатиялық корпус өкілдері, университеттер ұжы­мы мен студенттер қатысты.

п