«Сауль Альвареске қарсы өткізген алғашқы екі шайқастың нәтижесіне бас ауыртпаймын. Аталған жекпе-жектердің нәтижесі мені толғандырмайды. Өйткені мен өткен шақты емес, болашақты ойлаймын. «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жек өтсе, мен ол шайқасқа басқаша оймен дайындаламын. Қандай да бір қателіктерді түзеу туралы ойламаймын. Мен кәсіпқой бокс әлемінде біреуге бірдеңені дәлелдеу үшін жүрген жоқпын. Ең бастысы жарқын мәнерде жеңіске жетуге тырысамын. Мен өзімді өте жақсы сезінгендіктен кәсіби мансабымды жалғастырып келемін», деді Геннадий Головкин DAZN-ға берген сұхбатында.
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен өткізген екі жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:04
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:27
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29
Қазақстан полицейлері футзалдан халықаралық турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 12:23
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:23