Қоғам • 01 Сәуір, 2022

Автосалықты төлеуді ұмытпаңыз

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 сәуір – көлік салығын төлеу­дің соңғы күні. Егер мін­детті тө­лем уақтылы төлен­беген жағ­дайда оны еселеп қайтаруға тура ке­леді.

Автосалықты төлеуді ұмытпаңыз

Мемлекеттік кірістер коми­теті 2021 жылдың көлік са­лығын биылғы 1 сәуірге дейін төлеу керектігін еске салады. Комитеттің баспасөз қыз­­метінің хабарлауынша, көлік құралдарына салы­на­тын са­лық­тың көлемін kgd.gov.kz web-порталы мен «e-Salyq Aza­mat» мобильді қосым­ша­сын­да­ғы салық калькуля­торының көмегімен есептеп шығаруға болады.

«Қазіргі уақытта салық органдары есептеген көлік салы­ғының сомасы «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пай­даланушыларға PUSH-хабар­лама түрінде жіберіліп жатыр. Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталында «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің ұялы телефон қосым­шаларында жарияланды», де­лінген комитеттің ресми хабарламасында.

Егер салық уақтылы төлен­бесе, онда салық органдары жеке тұлғаға салық берешегі туралы қосымша хабарлама жолдайды. Осы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң тиісті ведомство бір еселенген айлық есептік көрсеткіш (3 063 теңге) мөлшерінде салық бұйрығын шығарады. Ал осы бұйрық табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда төлемді мәжбүрлеп өтеп алу үшін іс жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Қарызгер үстеме ақшамен қоса, сот орын­даушыларының қызметі үшін де қосымша ақша төлеуіне тура келеді. Олар борышкер азамат­тан салық берешегі сомасының 25%-ына дейін төлем өндіріп алады. Оның сыртында жеке тұлғаның шоты бұғатталып, де­по­зитіне шектеу қойылуы мүм­кін.

Сондықтан салық органы қыз­меткерлері көлігі бар азамат­тарды мемлекет алдындағы мін­дет­­темесіне адал болып, са­­­лықты уақтылы төлеуге ша­қы­рады.