Ерлер сайысында басты үміт 66 кило салмақтағы Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа артылып отыр. Бұл дзюдошылардың талай дүбірлі додада олжа салғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Алайда өзге салмақ дәрежесіне ауысқаннан кейін олар әзірге елеулі табыстарға қол жеткізе алған жоқ. Жақында Тель-Авивтегі додада жүлдегерлер қатарынан көрінген аса жеңіл салмақтағы Мағжан Шамшадин мен Бауыржан Нарбаев Анадолы елінде де өз өнерлерін ортаға салады. Сондай-ақ Данияр Шамшаев пен Жансай Смағұлов (73 кило), Абылайхан Жұбаназар мен Барақ Арқабай (81 кило), Дидар Хамза мен Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кило), Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (100 кило) және Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 кило) татамиге шығады.
Әйелдер арасындағы жарыста Гауһар Ирмағамбетова (52 кило), Севара Нышанбаева (57 кило), Зарина Сарипова мен Мөлдір Нарынова (63 кило), Зере Бектасқызы мен Перизат Жақыпбекова (70 кило), Әсел Бисембай мен Аруна Жанкелдина (78 кило) және Кәмила Берліқаш пен Назгүл Маратова (+78 кило) бақ сынайды.