Спорт • 01 Сәуір, 2022

Финдер көш бастап тұр

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ұлттық құрама ко­ман­далардың жаңартылған рейтин­гін жа­рия етті.

Финдер көш бастап тұр

Үздіктер көшін Финляндия бастап тұр. Әрине, оған еш таңдануға болмайды. Суоми елінің өкілдері былтыр Ригада өткен әлем чемпионатында күміс медальді мойындарына ілсе, биыл Бейжіңде алауы тұтанған Олимпия ойындарында бас жүлдені олжалады. Екінші орында – Канада. Үйеңкі жапырақтар елінің өрендері 2021 жылы төрткүл дүниенің теңдессіз командасы деп танылды. Үшінші сатыға Ресей жай­ғасты. Төртжылдықтың бас­ты додасында олар күміс медальді иеленді. Сондай-ақ «ТОП-10» команданың қатарына АҚШ, Швеция, Швейцария, Чехия, Словакия, Германия және Дания құрамалары енді. Ал Қазақстанның хоккейшілері бұл тізімде 15-сатыға табан тіреп тұр.