«Отбасы банкке аударылған біржолғы зейнетақы төлемдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарыла ма?» деп көпті толғандырған сұраққа банк тарапынан жауап берілді, деп жазады Egemen.kz банк таратқан дерекке сілтеме жасап.

Бірер аптадан әлеуметтік желілерде соңғы үш күнде зейнетақы жинақтарының артылған сомасы жоғалып кетті деген қате мәлімдемелер таралып жатыр. Мысалы, 2022 жылғы 25-28 наурыз аралығында берілген 53 649 өтінімді сұралған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты БЖЗҚ кері қайтарды. Бұған валюта бағамының өзгеруі және осыған байланысты зейнетақы жинақтарын қайта бағалау әсер етті. 2022 жылғы 25 наурызда зейнетақы активтерін қайта бағалауға ықпал еткен доллардың бағамы 494,16 теңгені, ал 2022 жылғы 28 наурызда 484,49 теңгені құрады.
Қаржы институтының атап өтуінше, арнайы шотқа өз қаражатын түсіріп қойған өтініш берушілер банктің аймақтық филиалдарына бармай-ақ құжаттарды асықпай жинауы керек. Өйткені барлық рәсімдер онлайн режимінде өтеді.
«2022 жылғы 1 сәуірде қазақстандықтардың Отбасы банктегі арнайы шоттарындағы біржолғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-ға қайтарылады деген қауесет тарады. Осыған байланысты, Отбасы банктегі азаматтардың арнайы шоттарындағы қаражат олардың меншігі екенін түсіндіреміз. Арнайы шотқа ақша түскен сәттен бастап қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында оларды пайдалану бойынша растайтын құжаттарды ұсыну үшін 20 жұмыс күні бар. Осылайша, наурыздың аяғында арнайы шотқа түскен ақшаны 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін қолдануға болады. Егер қаражат емделу мақсатында сұралып, арнайы шотқа түскен болса, онда азаматтардың оларды пайдалану мақсатын растау үшін 45 жұмыс күні бар», делінген банк хабарламасында.
Біржолғы зейнетақы төлемін бұрынғы шекті көрсеткіш бойынша пайдалану үшін Отбасы банк enpf-otbasy.kz порталында өтінім беруді 2022 жылдың 29 наурызына дейін үлгеруді ұсынды. Себебі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және отбасын емдеуге арналған БЗТ-ін пайдалану қағидаларына сәйкес банк 2 жұмыс күні ішінде өтінімді өңдеп, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін қабылдайды және қарастырады.
Бүгін БЖЗҚ-ға жолданатын өтінімді толық жасап аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберіледі.
«Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың түсіндіруінше, өтінімдердің көпшілігі қайталанады. Тіпті бірнеше рет өтініш бергендер де бар екен.
«Наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық. Мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды. Адамның компьютерлік сауаттылығының орташа деңгейінде порталда болу уақыты 15-20 минутты алатынын ескерсек, мұндай операциялардың қаржылық мәні түсініксіз. Сондай-ақ ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті. Мамыр айының басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз», деді Ләззат Ибрагимова.
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар