
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 253 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.9. MPV магнитудасы - 4.1. Эпицентрдің координаттары 43.13° С. Е.80.02° ш. ұ. тереңдігі 35 км. сезілетіні туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша) жоқ», делінген «Алматы» ОСО кезекші операторының хабарламасында.