ANTIKOR • 01 Сәуір, 2022

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директоры жемқорлықпен ұсталды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директорын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директоры жемқорлықпен ұсталды

«Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.