2-8 сәуір аралығында батыстан шығысқа қарай кезекті Атлантикалық циклон ығыса бастайды. Ол негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне және алдымен батыс пен солтүстікте, кезеңнің ортасынан Қазақстанның қалған аумағында желдің күшеюіне себепші болады.
Циклонның артынан Батыс антициклоны ауысады. Ол өзімен бірге қысқа мерзімге ауа температурасының төмендеуін алып келеді. Осыған байланысты Қазақстанның жазық аумақтарында, атап айтқанда Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігінде қардың қарқынды еруі, және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.