Аталған турнирде пәкістандық Айсам Курешимен жұп құрап өнер көрсеткен жерлесіміз жартылай финалда осы жарыстың төртінші нөмірлі теннисшілері Роман Жебавы (Чехия) мен Филипп Освальдтан екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Александр Недовесов пен Айсам Куреши турнирдің бірінші ракеткасы ретінде тіркелген болатын.
Недовесов пен Куреши ширек финалда испаниялық Пабло Андухар және кезінде жекелей сында үш мәрте «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанған швейцариялық Станислас Вавринкадан басым түскен болатын. Александр мен Айсам бірінші партияда қарсыластарын бет қаратпай ұтты – 6:1. Екінші сет тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-пәкістандық жұп жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:1).