Аймақтар • 04 Сәуір, 2022

ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті

«3 сәуір күні 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон - Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі», деп жазылған ресми ақпаратта.

Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп, анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды», деп жазады компанияның баспасөз қызметі.