Қоғам • 04 Сәуір, 2022

Несиені кешіктіріп төлеушілер саны соңғы 3 айда өскен

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлім етті, деп жазды Egemen.kz.

Несиені кешіктіріп төлеушілер саны соңғы 3 айда өскен

Қазақстандық банктердің қарыз алушылары несиелерін жиі кешіктіріп төлейтін болды.  Мерзімі өткен несиелердің жалпы көлемі соңғы 3 айда өскен. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша олардың жалпы көлемі 1 трлн 369,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың көктемінен бергі ең жоғары көрсеткіш.

«Бірақ банктердің несиелік портфелі де жылдам өсуде. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көрсеткіш 6,75%. 2021 жылдың қазан айының басында дәл осындай деңгейде болды», – деп хабарлады бюро.

90 және одан да көп күн кешіктірілген несиелердің көлемі артып келеді. Ол жыл басынан бері ұлғайып, наурыз айының басында 706,4 млрд теңгені құрады.  

Жалпы өсіп келе жатқан несие портфелінің аясында бұл көрсеткіш төмен болып көрінеді: NPL 90+ үлесі 3,48%-ды құрайды.