Спорт • 04 Сәуір, 2022

Павлодарда үстел теннисінен ел чемпионаты өтеді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірдің 5-і мен 10-ы аралығында Павлодардың «Жеңімпаз» үстел теннисі орталығында аталған спорт түрінен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда үстел теннисінен ел чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің өзге де өңірлерінен спортшылар жылдың басты бәсекесіне жиналады.

Кирилл Герасименко, Сарвиноз Миркадирова, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Ирісбек Артукметов, Әнел Бақыт, Ескендір Харки және басқа да теннисшілеріміз командалық, жекелей, жұптық, аралас сында өзара мықтыны анықтайтын болады.