Экология • 04 Сәуір, 2022

Целиноград ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс орны қалпына келтіріледі

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірігіп Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы қаласының Тайтөбе кенті тұрғындарымен елді мекен маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі бойынша кездесу ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Целиноград ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс орны қалпына келтіріледі

Жергілікті тұрғындар Целиноград ауданы аумағында заңдастырылған ҚТҚ полигонының жоқтығына алаңдаулы. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қосшы қалаларынан қалдықтарды алып кетіп, маңайға заңсыз қалдырады. Сондықтан рұқсат етілмеген қоқыстар мен өрт пайда болады, бұл қоршаған ортаға теріс әсер етеді.

,

Бүгінгі таңда экология министрлігі жоспар кестесін бекітті, оған сәйкес жергілікті әкімдік стихиялық қоқыс орындарын жоюды жүзеге асырады. Мәселен, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Ғарыштық суреттеріне сәйкес Целиноград ауданының аумағында өткен жылы 316 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, оның 65% - дан астамы жойылды.

Жұртшылықпен кездесуге ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Қожықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері жөніндегі депутаттары Ахметов Мәди мен Скакова Айжан, Ақмола облысы бойынша Экология департаментінің өкілі Арыстанбек Тасқынбаев, Қосшы қаласы әкімдігінің, экологиялық полицияның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

,

Аталған факті бойынша Целиноград ауданының әкімдігімен Тайтөбе кентінің жанындағы полигонды қалпына келтіруге 100 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жобаны жергілікті атқарушы орган келіскеннен кейін жұмыстар басталады. Сондай-ақ, аумақта шлагбаум және бейнебақылау орнатылады.

Кездесу соңында Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне елордаға шекаралас елді мекендерде ҚТҚ полигондарын салу мәселесін енгізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешевтің Ақмола облысына алдағы сапары кезінде тиісті шешімді талқылау және қабылдау тапсырылды.