Аймақтар • 04 Сәуір, 2022

Теміржолшылар жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмектесті

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміржолшылар Ақтөбе облысында су басып қалған тас жолдағы жүргізушілер мен жолаушыларға қол ұшын созды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміржолшылар жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға көмектесті

«Қардың күрт еруінен Ақтөбе-Атырау республикалық тас жолын су басып қалды. Сол себептен Ақтөбе-Алға-Қандыағаш аумағы бойынша автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған болатын. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары тас жолда қалған 100-ге жуық азаматты пойызбен алып шықты», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл жұмыс Ақтөбе жол және магистральдық желі бөлімшелері, жергілікті әкімдіктермен бірлесе атқарылған.