Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық ретінде бірнеше халықаралық турнирде бақ сынап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Мәселен, ұлттық құраманың екінші нөмірлі боксшылары Сербия астанасы – Белградта мәресіне жеткен турнирде өнер көрсетіп келсе, негізгі құрам боксшылары осы күндері Таиландта басталған халықаралық жарыста бақ сынауда.

Сербиядағы жарыста ел намысын былтырғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов, ел біріншілігінің жеңімпазы мен жүлдегерлері Даниял Сәбит, Олжас Байниязов, Саматәлі Төлтаев және ересектер арасына енді қосылып жатқан бірқатар жас боксшы қорғады. Турнирге қатысқан боксшылардың аздығына байланысты іріктеу кезеңдерінде жерлестеріміз бір-біріне қарсылас атанып, финалға дейін жігіттердің қатары сиреп қалды. Атап айтқанда, 51 килода жұдырықтасқан Даниял Сәбит алғашқы айналымда Кенже Мұратұлын 4:1 есебімен жеңсе, 60 килодағы Саматәлі Төлтаев Бекзат Мағжанды 5:0 нәтижесімен айқын ұтты. Ал Ермахан Жақпеков (71 кило), Диас Молжігітов (75 кило), Ерасыл Жақпеков (80 кило), Ерхат Бекзат (92 кило) және ауыр салмақтағы Дамир Тойбай бірінші кезеңде-ақ қарсыластарынан жеңіліп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Қорытындысында финалға үш-ақ боксшымыз шығып, оның тек біреуі ғана турнир чемпионы атанды. Оның өзінде 63,5 килода өнер көрсеткен Мұхамедсабыр Базарбайұлының финалдағы қарсыласы марокколық Әбделхак Надир рингке шықпай қойып, жерлесіміз жекпе-жексіз бас жүлдені еншіледі. Өкінішке қарай, 54 килода бақ сынаған Олжас Байниязов пен 75 килодағы Ілияр Әшіров финалда жарыс қожайыны сербиялық боксшылардан жеңіліп, күміс медальды қанағат тұтты. Бұл жарыста жерлестеріміз жалпы саны 12 жүлде жеңіп алды.
Ал негізгі құрам боксшылары қатысып жатқан Таиландтағы турнирде Қазақстан ұлттық құрамасының 11 боксшысы өнер көрсетуде. Бұл жақта да жеребе нәтижесі бойынша жерлестеріміз жарыстың алғашқы күнінен бастап бір-бірімен шаршы алаңда кездесті. Мәселен, әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов алғашқы кездесуінде жастар арасындағы әлем чемпионы отандасымыз Санжар Тәшкенбаймен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. С.Бибосынов ширек финалда шаршы алаң иесі таиландтық Танарат Саенфетпен кездеседі.
Сонымен қатар 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов та алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады. 57 кило салмақта сынға түскен боксшы бірінші айналымда филиппиндік Марио Фернандестен айласын асырды. Енді ол жартылай финалға жолдама беретін айқаста сингапурлік Мохамед Ханурдин Бин Хамидпен жұдырықтасады. 75 килодағы Аятолла Тәкіжанов алғашқы айқасын таиландтық боксшы Ситиксак Чумкумарноммен өткізіп, қарсыласын еш қиындықсыз тізе бүктірді. Ол келесі кезеңде алаң қожайыны Борворн Кадамованмен күш сынасады.
2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы Нұрбек Оралбай (80 кило) Thailand Open халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын жүлдегер атанды. Жеребеге сәйкес отандасымыз ә дегеннен жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Отандасымыз финал жолдамасын жаңазеландиялық Оникс Ли мен таиландтық Анават Тонгкаток жұбының жеңімпазымен сарапқа салады.
Жоғарыдағы боксшылардан бөлек аталған жарыста Олимпиада бағдарламасына енген салмақ дәрежесі бойынша Санатәлі Төлтаев, Сұлтан Мусинов (63,5 кило), Асланбек Шымбергенов (69 кило), Тимур Нұрсейітов (75 кило), Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай (91 кило) бақ сынайды. Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар