Бұл жолғы рейтингтің алғашқы ондығында үлкен өзгеріс бола қоймаса да, көшбасшы ауысты. Ұзақ уақыттан бері рейтингте көш бастап келген Бельгия құрамасы екінші орынға сырғып, үздіктер көшін бес дүркін әлем чемпиондары – Бразилияға босатып берді. Неймар бастаған жігіттер ең кейінгі рет 2017 жылдың тамыз айында рейтингте бірінші орында тұрған еді. Үздік үштікті әзірше ең соңғы әлем чемпионы саналатын Франция құрамасы түйіндеп тұр.
Ал наурыз айында Молдова футболшыларымен екі ойын өткізіп, екеуінде де басым түскен Қазақстан құрамасы рейтингте жоғарылаудың орнына төмен қарай құлдилап барады. Мәселен, ақпан айында 120-орында тұрған жерлестеріміз бұл айда 125-орынға бір-ақ төмендеді. Біздің құраманың алдында Фарер аралдары (124), Ливия (117), Тәжікстан (114), Люксембург (94), Қырғыз Республикасы (95), Өзбекстан (83) тұр.