Теннис • 05 Сәуір, 2022

Теннис турнирі аяқталды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Майами қаласында теннис­тен бейресми түрде 5-ші «Үлкен дулыға» турнирі саналатын аса ірі Miami Open өз мәресіне жетті. Ерлер арасындағы бәсекеде 18 жастағы Карлос Алькарас топ жарса, әйелдер бәсекесінде Ига Швентек жеңімпаз атанды.

Теннис турнирі аяқталды

Жүлде қоры 8 584 055 АҚШ долларын құраған халықаралық жарыстың ерлер арасындағы финалында испаниялық Карлос Алькарас пен норвегиялық Каспер Рууд бас жүлдені сарапқа салды. Аса тартысты өткен бәсекеде Алькарас екі сетте 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл Карлос Алькарастың осы жылдағы үшінші жеңісі болса, аталған турнирді жеңіп алған ең жас теннисші атанды.

WTA турнирлерінің ханшайымы саналатын польшалық Ига Швентек Майамидегі әйелдер турнирінің финалында жапониялық Наоми Осаканы екі сетте 6:4, 6:0 есебімен қапы қалдырып, қатарынан үшінші жүлдесіне қол жеткізді. Сондай-ақ Швентек осы нәтижесінің арқасында кешеден бастап әлемдік рейтингте көш бастады.