Ағымдағы жылдың басынан бері көлік құралын мас күйінде жүргізген 430 жүргізуші ұсталды.
2020 жылдың қаңтарынан бастап жазалау шарасы қатаңдатылғанына қарамастан, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда заң бұзушылықтардың саны өскені байқалады. Өткен жылы осындай кезеңде 418 мас жүргізуші ұсталды.
2022 жылы мас жүргізушілердің кесірінен 62 жол-көлік оқиғасы орын алды.
Ұсталған адамдар әкімшілік соттың шешімімен он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамауға немесе жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 16 жүргізуші жақын шетел азаматтары екені анықталды. Олар Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған және қазіргі уақытта елден шығару мәселесі қаралуда.