Егер Елбасы алғашқы Жолдауын 1997 жылы арнағанын еске алсақ, биылғы жылдың басты құжаты он сегізінші стратегиялық бағдарламамыз екен. Осы жылдарда олар өн бойында қамтылған тезистердің жүзеге асырылуының арқасында республикамыздың өркендеуіне нақты іргетас болып қаланды. Кеңес Одағы тұсында партия съездерінде қабылданатын әуелгі жетіжылдық және кейінгі бесжылдық жоспарлар өздерінің тиянақсыздығынан ақсап, діттеген мақсаттарын ақтамай, бірінен біріне ауысып жататын жалпылама бағыттардың берекесіздігін Елбасымыз жақсы білгендіктен, жыл сайынғы жолдауларды елімізді дамудың даңғыл жолынан адастырмайтын шамшыраққа балады. Мұндай бағыт өзінің дұрыс таңдалғанын жыл сайын дәлелдеуде. Өйткені, ұзақ мерзімге арналған бағдарлама әр жыл сайын таразыға тартылып, салмақтанып, мақсаттар қолжетімді болып, нақты орындалуда. Бір сөзбен айтқанда, күн сайынғы, ай сайынғы тындырылған жұмыстарымыз көз алдымызда көрініс береді.
Бейбітшілік пен тұрақтылық, этностардың және жекелеген азаматтардың рухани келісімі дамудың ең сенімді жолы. Бұларға селкеу кіріп, қоғамның тұтастығына сызат түссе, ең мықты деген мемлекеттің өзінің іргесі босайтыны айтпаса да түсінікті. Бұл орайда Египет, Сирия және басқа мемлекеттердегі, Азиядағы Тайланд, сонымен бірге өзге де бірқатар көлемі жағынан шағын болғанымен, экономикасы мығым елдердегі текетірестер, берекесіздіктер, ереуілдер, дүмпулер, оппозициялардың бопсалауы мен билікке таласуы титықтатып жатқанын аңғару қиын емес. Текетірес басылған күннің өзінде экономиканы қайта сауықтыруға қыруар материалдық күш-қуат қажет етілетіні анық. Салдарының ұзаққа созылуынан елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік оңалуы оңайға соқпайды. Адамдардың тұрмыс үшін ең қажетті күнкөріс көздері бітеледі. Азық-түлік бағасы шарықтап, халықтың басына қиындық бұлтын үйіреді. Бірақ оппозициядағылар қауымның сөзін сөйлеген болып, өздерінің жеке басының қамын, атап айтқанда, билікке қол жеткізуді көздейтіні белгілі. Әлемдік өркениет оппозицияны тұншықтыруды қаламайды. Алайда, оппозиция қоғамды арандатуды елдің алға басуынан жоғары қоятын болса, оның мемлекет үшін зиянынан басқа, пайдасы болмайтыны анық. Бұл орайда, өз басым ешбір оппозицияның осындай ағаттығын мойындағанын естіп-білген емеспін.
Ал Жолдауда айқын аңғарылатыны және ең бастысы, біздің еліміздің айрықша мақтан тұтатыны – мемлекетіміздің тұтастығы, этностардың ірге бөліспей, ынтымақпен ұйып, Елбасы нұсқаған мақсаттарға бір кісідей жұмылуы. Қазақстан халқы өзгелердің осындай қателіктерінен сабақ алып отыр десек, ағат айтқанымыз емес. Тыныштық пен өзара сыйластықты, рухани келісімді дауылдарға төтеп беретін алып бәйтерек десек, осы бәйтерек біздің елімізде көктеп, тамырын тереңге жайып отырғаны айрықша қуантады. Әрине, осындай тіршілік тезіне ұшырамауымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаткерлігінің, кемеңгерлігінің жемісі. «Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген» дегені осы ойларды нақты түйіндейді. Біздің Стратегиямыз бейбітшілік пен тұрақтылықты, рухани келісімді дамудың басты қайнары деп өте орынды бағдарлайды. Бұл ретте дана халқымыздың «Ұрыс кірген үйден ырыс кетеді» деген нақылын алға тартсақ жеткілікті.
Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену тұжырымдамасында Президентіміз алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындап берді. Бұлар еліміз үшін бүгінгі таңдағы және болашақтағы ең өзекті деген жеті басым бағытты қамтиды. Мысалы, инновациялық индустрияландыруды алайық. Сарапшылар Н.Назарбаевтың сексеннен астам инновациялық идеялар айтқанына көңіл аударды. Анығында да, индустрияландырудың әр саласы бойынша әрбір жауапты кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің алдында тұрған айқын міндеттерді көріп, алға басатын қадамдарын анық пайымдап отыр десек, орынды. Осыларды түйіндей келе, Н.Назарбаев «Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады», деп инновациялық-индустриялық дамуымыздағы ғылымның маңыздылығын ұқтырды. Демек, «Ғылым – өндіріске!» деген қалыптасқан қағиданың өзектілігін жоққа шығаруға болмайды.
Жолдауда сарапшылар елімізді дамытудың ең шешуші отыз бес тезисі алға тартылғанын нақты көрсетті. Бұл тезистер жұптасқан, бір мақсатқа жұмылған жеті ағайын сынды жеті бағыттың сабақтастығына негізделеді. Жыл ішінде осы бағыттар ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін Үкімет қосымша жоспарлар жасайтыны түсінікті. Салалық министрліктер тиянақты жұмыс атқару үшін өңірлермен арадағы ортақ мақсатқа бағытталған жоспарларды тиянақты жүзеге асырумен айналысатыны анық. Елдің тұтастай дамуы өңірлердің өркендеуіне байланысты. Сондықтан, Жолдау жарияланысымен-ақ бізде облыс активінің жиналысы өтіп, жылдың басты құжаты талқыланып, атқарылуға тиісті міндеттер сараланды. Актив жиналысында сөйлеген өңір басшысы Самат Ескендіров Жолдаудың маңыздылығын айта келіп, аталған жеті бағыт бойынша алда тұрған міндеттерді саралап берді. Мысалы, индустрияландыру шеңберінде өңірімізде жалпы сомасы 41,5 миллиард теңге 30 жоба жүзеге асырылып жатқаны, мұның өзі осы нысандарда 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға қол жеткізетіні айтылды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық бағытқа көшудің нәтижесіндегі жетістіктеріміз алға тартылды. Н.Назарбаев осы орайда облысымызды «Еліміздің тірек өңірі» деген жылы лебізін арнағанын естен шығармаймыз. «Қазақстан ет, сүт және егіншіліктің өзге де өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуы тиіс», деп атап көрсеткен Мемлекет басшысының тапсырмасының біздің облысымыздың дамуына тікелей қатысы бар. Ел аумағының небәрі 4 пайызын ғана алып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жыл сайын республикада өсірілетін жоғары сапалы астықтың үштен бірін өндіретіні біздің аграрлық өңіріміздің бұл саладағы зор мүмкіндіктерін көрсетеді. Өңір басшысы аталған жеті басым бағыт бойынша тындырылған жұмыстармен ғана шектеліп қалмай, алдағы уақытта шешімін табуға тиісті міндеттерді айқын атап көрсетті. Жалпы алғанда, 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасының ең іргелі де маңызды жеті бағыты бойынша жүзеге асырылған және алда тындырылуға тиісті жұмыстарды облыс активіне қатысушылар айқын анықтады деуге болады.
Жолдаудың темірқазықтай айқын идеясы Қазақстанды қуатты елге айналдыру екені баршамыздың санамызға жетті дей аламыз. Бұл мақсатқа таңдаған жолымыздан жаңылмай, шамшыраққа көз сала отырып, болашаққа бет түзегенде жететінімізге сенімді болайық.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Солтүстік Қазақстан облысы.
• 05 Сәуір, 2014
Жұмылған ағайындай жеті бағыт дамуымыздың даңғыл жолы, өркендеуіміздің өзегі

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25