Соның ішінде біздің отандасымыз, жас режиссер Самғар Рақымұлының «Көше ақыны» атты қысқаметражды фильмі «Ең үздік қысқаметражды фильм» номинациясын жеңіп алды. Аталған туынды Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен, Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясының қатысуымен түсірілген болатын.
Айталық, Самғардың бұл туындысында айтыскер әке мен репер ұлының арасындағы өзара тартыс, ескі мен жаңаның қарама-қайшылығы көрініс табады.
Режиссер бұл фильмі туралы «Көше ақыны» өзімнің ішкі қайшылықтарымның туындысы деп білемін» деген пікірін айтты.
Самғар Рақымұлының «Көше ақыны» осыған дейін «Turkey Internatioanl Amity Short Film Festival» байқауында жүлделі болған. Бұл рет Америкада топ жарған қазақ фильмінің көрермені көп болғай деп тілейміз.