Спорт • 05 Сәуір, 2022

Жеңіл атлетикадан Чехияда өткен жарыс аяқталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Чехияда халықаралық жарысқа қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Жеңіл атлетикадан Чехияда өткен жарыс аяқталды

Қазақстан құрамасының мүшесі Галина Якушева спорттық жүріс бойынша WA Race Walking Tour Gold Meeting додасында бақ сынады. 

Отандасымыз 20 км қашықтықты 1:35:44 уақытта бағындырды. Жарыс қорытындысы бойынша ол 17-ші орынға жайғасты. 

Айта кетсек, аталған жарыста Мексика спортшысы Ортуно Валерия топ жарды.