Өзіндік дара стилімен әлемге әйгілі суретші атанған Сальвадор Далидің музейі әлемнің үлкен қалаларындағы жұрт көп баратын мәдениет орталықтарында орналасқан. Монмартрдегі Дали мұражайы бұл күндері Парижге саяхаттап барушылардың ат басын бұратын санаулы орынның бірі. Әрине, Парижде не көп, мұражай көп. Ал солардың ішінде суретші Далидің музейі несімен ерекшеленеді деген үлкен сұрақ туындайды. Бұған жауап та дайын.

Ең алдымен аталған музей кеңістігіндегі өнер туындылары жеке коллекция арқылы алынғандықтан, суретшінің 300-ден астам түпнұсқа туындыларын өз көзіңізбен көре аласыз. Құнды өнер туындылары суретшінің озық қиялы мен ерекше дарынының жемісі екеніне сенесіз. Далидің ойындағы дара әлемнің де түйіскен жері оның сәтті шыққан туындыларынан көрініс тапты. Суретшінің Париждегі аталған музейі шағын болғанымен, көрушілердің көкейіне сәуле түсіріп, тылсым өнердің көкжиегінің біз ойлағаннан да кең әрі шексіз екенін түсіндіре алады. Монмартрдағы Дали музейі тек мүсіндер, картиналар, кескіндеме жұмыстарымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ бұл кеңістікте көптеген технологиялық бөлшектер мен балама жұмыстар арнайы қойылған, олар да өз рөлін атқарып тұр деуге болады.
Ал бұл өнер ордасының ішіндегі эскиздерді, естелік кітапшаларды, тіпті үй ішіне сән қосқан жарықтар мен жиһаздардың да атқаратын қызметтері сан алуан. Сонымен бірге аталған музейдің мультимедиялық аспектілері де жұмыс істейді, ол біз өнеріне тамсанып жүрген суретші Далидің өмірі мен сан қыры туралы бейне және дыбыстық жүйе арқылы баяндап бере алады. Дали музейіне кіру үшін сағаттап кезек күтудің де қажеті шамалы. Аталған орталық Париждің қақ ортасындағы 18-аудандағы тыныш көшеде орналасқан. Музейге барушылар бұл мұражайды қаланы қыдырып жүріп кенеттен кездестіріп қалуы да ғажап емес. Кезексіз музейге кірумен қоса әрбір өнер туындысымен көбірек танысып, оның сырын түсінуге уақыт таба аласыз.
Біз сөз етіп отырған музей орталығы ресми түрдегі күллі Франциядағы Дали туындыларының ең үлкен кеңістігі екенін де айта кеткен жөн. Анығырақ айтқанда, Дали музейінде тек Далидің ғана шығармашылығы жұртқа көрсетіледі, насихатталады. Өзге музейлер сияқты әрбір суретшіге арналған бұрыштар мұнда жоқ. Далидің суреттерін сиқырлы тілде сөйлеткен сюрреализм жанры осы ортада көбірек салтанат құрады. Дали үшін де, оның салған туындылары үшін де сюрреализм өзінше бір әлем ретінде көрініс табады. Яғни бұл музейді Дали әлемін біріктірген толық масштабты өнер ордасы ретінде қарастыруға болады. Қабырғадағы әр сурет өзінше сыр шертіп, даралығын аңдатады. Бәрі қосылып, Далидің асқақ талантын тағы бір мәрте жаһанға жария етуге уағдаласқандай.
Бір қызығы, Дали музейін балалар жақсы көреді екен. Мұның сыры мынада, музейдегі жұмыстар белгілі бір деңгейде балалар үшін анимацияланған. Тіпті кең мағынасынан алып айтқанда, Дали салған еріген сағаттар, қаңқа мүсіндес пілдер, алып ұлулар балалардың қиялынан алыс дүниелер емес екені белгілі. Тіпті музей еденіндегі көптеген қондырғылардың да балалар үшін тиімділігі жоғары, осы арқылы олар әрбір өнер туындысын жақын аралықтан тамашалай алады. Италиялық суретші Бенджамино Леви мен Далидің арасындағы байланыс туралы да деректерді осы музейден таба аласыз. Қос қылқалам шебері 1970 жылдардан бастап достық қатынас орнатқан. Бірақ олардың ешқайсысы бұл барыс-келіс туралы тіс жарған емес. Леви – сол кезде өнер әлемінде Далидің атын шығаруға көп көмектескен тұлға. Бұл да осы саланы зерттеушілер үшін қызықты тақырыптың бірі болмақ.
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Ұқсас жаңалықтар