Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Ауыл шаруашылығы техникасының 90 пайызы ескірген

105 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенатта «Ауыл шаруашылығы техникасының отандық өндірісін дамыту: жағдайы, мәселелері және болашағы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

Ауыл шаруашылығы техникасының 90 пайызы ескірген

Іс-шараға Парламент Сена­тының депутаттары, орталық мем­лекеттік органдардың бас­шылығы және қоғамдық бір­лестіктердің өкілдері қатысып, отандық ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сенаттың Аграрлық мәсе­лелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамы­ту комитетінің төрағасы Әли Бек­таев дөңгелек үстел отырысына төрағалық етті.

«Машина-трактор паркінің ескіруі және жаңарту қарқынының төмендігі негізгі мәселе болып отыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы техникасы бағасының (шамамен 25-30 пайызға) өскені де байқалып отыр. Бұл болашақта техника­ны жаңарту қарқынының төмен­деуіне әкеледі. Сондықтан қазіргі уақытта лизингке берілетін жә­не тікелей сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы­на жеңілдікпен несие беруді қар­жы­ландыру құралдарын одан әрі дамыту қажеттігі өзекті болып отыр», деп атап өтті Әли Бектаев.

Отырыс барысында Прези­дент Жолдауында да саладағы пробле­малар айтылғаны аталып өтілді. Мемлекет басшысы агро­өнеркәсіп кешенінде пайдаланылатын технологиялардың 90%-ға жуығы ескіргенін және жаңғыртуды қажет ететінін атап өтті. Президент сондай-ақ саланы субсидиялау саясатын қайта қа­рауды тапсырған болатын.

Сенатор Мұхтар Жұма­ға­зиев өз баяндамасында бір­қатар проб­леманы атап өтіп, ауыл шаруа­шылығы техника­сын жаңарту жағ­дайына алаңдау­шылық біл­дірді.

«Республика бойынша 2022 жыл­ғы 1 қаңтарда ауыл шаруа­шылығы техникасын жаңартудың орташа деңгейі 4,3 пайызды құра­ды, ал бекітілген норматив бойын­ша жыл сайын 6 пайызға жаңар­­тылуға тиіс», деп атап өтті сенатор.

Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министрінің орынба­сары Марат Қарабаев пен ауыл шаруашылығы министрінің бірін­ші орынбасары Айдарбек Сапа­ров осы проблемаларды шешу жөніндегі өз пікірлерімен бөлісті.