Пікір • 06 Сәуір, 2022

Адалдық пен ашықтықтың жарқын мысалы

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы ел халқының да, әлемдік қоғамдастықтың да көңілінен шықты деп пайымдаймын. Жылдың басты құжа­тын дер кезінде жариялау арқылы Президент өзінің ұстанған бағытын дәл уақытында айқындап берді. Осылайша, ол өзекті мәселелерді назарда ұстап отырғанын аңғартты.

Адалдық пен ашықтықтың жарқын мысалы

Нақтылап айтар болсам, оның «саясат­тағы монополия түрлі әлеумет кеселді туын­­дататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшы­ра­татыны анық», деген пікірімен толық келі­семін. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сөзді айту арқылы елдегі жағдай­ларды реттеуге деген шын ниетін аңғартты.

Саясаткер ретінде «суперпрезидент­тіктен» бас тарту және туыстары үшін заң­на­малық деңгейде квазимемлекеттік сектор­дағы жоғары мемлекеттік лауазымдар мен басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салуы жоғары басшылықтың адалдығы мен ашықтығының жарқын мысалы болатынын атап өткім келеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының облыстардың әкімдері мен олардың орынбасарларына өз өкілеттіктері кезеңінде әсер ететін билеуші партияға мүшелігін тоқтату туралы ұсынысы өте дұрыс шешім болды деп есептеймін.

 

Давид ЧИЧИНАДЗЕ,

Грузия Парламентінің депутаты,

«Трибуна» партиясының жетекшісі