Соңғы үш тәуліктен бері Ақтөбе облысының тұрғындары қызыл сумен алысып жатыр. Күннің күрт жылынуынан қар бірден еріп, қаланың «Батыс» және «Нұр Сити» шағын аудандарындағы көпқабатты үйлердің жертөлесіне су кіріп, көшелерден жүру мүмкін болмай қалды. Қала іргесіндегі Жіңішке, Песчанка, Елек өзендері арнасынан асып, бау-бақша ұжымдарына қарасты 90 үйді шайып кетті. Рауан, Сая, Қанағат тұрғын үй алаптарында құлаған үй болмаса да, бүлінген үйлер көп. Үйлері суға кеткен 137 адам мен 85 бала қаладағы төрт орта мектеп пен Олимпиадалық резерв мектебіне уақытша орналастырылды. Су тасқынынан келген шығын көлемін анықтау мақсатында қалалық комиссия құрылып, штаб жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Асхат Шахаров Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте баяндады.

Суға кеткен үйлердің барлығы да өзен арналарының бойына салынған, бау-бақша ұжымдарына қарасты жерлер. Саяжай үйлерінің орнына тұрғын үйлер салуға рұқсат бергені үшін Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үйлерді жобалаушылар жауап беруі тиіс.
Сондай-ақ облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тасжолдардың бойын он жерден су шайып, төрт ауданның тұрғындары зардап шекті. Бүгінде жеті елді мекенмен қатынас үзіліп қалды. Олар – Байғанин ауданының Миялы мен Оймауыт, Қобда ауданының Өтек, Ойыл ауданының Ақшатау, Көптоғай, Мұғалжар ауданының Бұлақты, Құмсай елдімекендері. Тасқын су «Ақтөбе –Атырау – РФ шекарасы (Астрахань) республикалық тасжолының Байғанин ауданы Жарлы ауылының тұсында су өткелін жұлып әкетті. Осы тасжол құрылысын «Астана Дорстрой» мекемесі былтыр күзде ғана пайдалануға берген болатын. Сондай-ақ «Ақтөбе-Қандыағаш» тасжолының Алға-Қандыағаш бөлігіндегі су өткелі де бұзылды. Екі тасжолды да салып жатқан «Астана Дорстрой» ЖШС-і.
Жалпы, Ақтөбе облысының тасжолдар бойындағы өткелдер мен көпірлердің бәрі де бұзылды. Осы жағдай жол құрылысын жобалаушы және жол салушы мекемелердің жауапсыздығының көрінісі және құзырлы мекемелердің тарапынан қадағалаудың болмағандығын көрсетеді. Ақтөбе мен Қандыағаш тасжолына қатысты 70 млрд теңгенің жол жобасын мемлекеттік сараптамадан өткізгендер мен көпір және өткел құрылыстарын жобалаушылар қателіктің себебі мен салдарына заң алдында жауап беруі тиіс.
Ақтөбе облысы
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:52
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Ұқсас жаңалықтар