Теннис • 06 Сәуір, 2022

Жеке рекордтарын жаңартты

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Григорий Ломакин әлем­дік рейтингте өздерінің үздік нәти­желеріне қол жеткізді.

Жеке рекордтарын жаңартты

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Андрей Голубев жұптық сында бір саты жоғарылап, 24-орынға көтерілді. Өткен аптада Колумбиядағы турнирдің финалына дейін жеткен Григорий Ломакин бірден 48 саты көтеріліп, 265-орынға тұрақтады. Ал жекелей сындағы рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт орынға төмен сырғып, 37-ші сатыға, Михаил Кукушкин 159-дан 160-орынға жайғасты. Ал Дмитрий Попко 175-тен 169-орынға көтерілді. Ерлер арасындағы рейтингте әдеттегідей сербиялық Новак Джокович көш бастап келеді.

WTA рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18-орнын сақ­тап қалса, Юлия Путинцева 47-ден 46-орынға көтерілді. Ал Зарина Диас 112-ден 113-орынға сырғыды. Жұптық сында Анна Да­нилина 21-ші, Жібек Құламбаева 302-орында келеді. Әйелдер арасында Miami Open тур­нирінде топ жарған польшалық Ига Швентек бірінші орынға шықты.