Бокс • 06 Сәуір, 2022

60 жылдық шектеу күшін жойды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кубаның ұлттық бокс федерациясы 1962 жылы енгізілген кубалық бокс­шылардың кәсіпқой бокспен айналысуына тыйым салынған шектеуді алып тастады.

60 жылдық шектеу күшін жойды

Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, аталған тыйым 20 мамырда Мексиканың Агуаскальентесе қаласында жекпе-жек кешін өткізетін Golden Ring промоутерлік компа­ниясымен келісім жасалғаннан кейін жойылмақ. Аталған жекпе-жек кеші Латын Америкасының барлық аумағында көрсетіледі. Ал бокс кешіне Токио-2020 Олим­пиадасының чемпиондары – Хулио Сезар ла Крус (91 кило), Арлен Лопез (81 кило), Роньель Иглесиас (69 кило) және Анди Крус қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Кубада кәсіпқой боксқа 1962 жылы тыйым салынған еді. Сол кездегі мемлекет басшысы Фидель Кастро кәсіпқой боксты жемқорлық жайлаған және адамдарды аздыратын спорт түрі деп санаған болатын. Тыйым салудың нәтижесінде Кубада әуесқой бокс дамып, әлемдік державаға айналды.