Алматының төртінші перзентханасындағы жаңа босанған келіншектер де ерекше сәтке куә болып, ұлды болған әкенің перзентханаға бес бірдей Камаз автокөлігінен тұратын ерекше кортежбен келгенін көріп, мәре-сәре болды.
Ал Гүлмира Батырбай 27 наурызда дүниеге балпанақтай ұл әкелді. Салмағы 3 кг 900 грамм, бойы 55 см.
«Біздің ұлымыз да, қызымыз да бар. Бұл біздің үшінші баламыз. Оған Айтөре деген есім бердік. Менің күйеуім КАМАЗ автокөлігін жүргізеді. Перзентханадан осылай шығарғаны нағыз тосынсый болды. Мен өте бақыттымын! Осы үшінші баланы төртінші перзентханада дүниеге әкелдім, мұнда босанған әйелдерді жақсы күтеді екен. Балаларымның жарық дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлер мен акушерлерге алғысым шексіз», дейді Гүлмира.
Сонымен қиялы жүйрік, романтикаларын жоғалтпаған ерлі-зайыптылар 29 және 30 жаста. Перзентхана қызметкерлері жұмыс істеген жылдары небір салтанатты шығарып алудың түр-түрін көргенін, бірақ Айтөреге жасалған ерекше құрмет.
АЛМАТЫ