Қазақстан • 06 Сәуір, 2022

Деутат Саясат Нұрбек жаңа жобаға жетекшілік етеді

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Деутат Саясат Нұрбек жаңа жобаға жетекшілік етеді

«Бүгінде тәжірибесі және таңдаған мамандығына сұраныстың аздығынан жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеліп отыр. Бұл мәселені өздеріңіз де көтеріп жүрсіздер. Бұған қоса Қазақстанда 129 мамандық жойылып барады, 95-і трансформациялануда, 239 жаңа мамандық пайда болады. Осыған орай, халықаралық тәжірибеге сәйкес жұмысқа тұрудың тиімді жолы ретінде, Павлодар облысының 15 колледжі базасында Жаңа кәсіптер атласы әзірленіп, тәжірибеден өтті»,  деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, соның нәтижесінде кадр қажеттілігіне байланысты 17 өңірлік карта әзірленіп, қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ мектептерде 7 сыныптан бастап мамандық таңдауға баулитын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» сабағы енгізіледі. Бұл жұмыстарға депутат Саясат Нұрбек жетекшілік етеді.

«Сонымен қатар колледждер жанынан студенттерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін 100 шағын кәсіпорын құрылмақ. Осындай тәсіл сәтті іске асқан Ақтөбе қаласындағы Экономика, бизнес және құқық колледжінің 188 студентінің 144-і оқуын оқи жүріп жұмысқа орналасты. Алғаш рет жоғары оқу орындарында студенттердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін 100-ден аса Карьералық орталық құрылады», деді Үкімет басшысының орынбасары.