Аймақтар • 06 Сәуір, 2022

Павлодарда көп қабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда көп қабатты үйдің жертөлесінен өрт шықты

6 сәуір күні сағат 12:57-де облыстық ТЖД-ға Павлодар қаласының Н.Назарбаев даңғылы 20 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бес қабатты үйдің жертөлесіндегі қоймадан басталған жалын ағаш қабырғаларды шарпып, аумағы 8 шаршы метр жер өртенген. Жоғарғы қабаттардан баспалдақ арқылы өрт сөндірушілердің көмегімен 6 адам, төртінші кіреберістен 5 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.


Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, өрттен 1961 және 1974 жылдары туған ер адамдардың қолдарын бірінші дәрежелі күйік шалған. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда тұрғындар ауруханаға жатудан бас тартыпты. Тілсіз жау сағат 13:30-да толықтай сөндірілді. 

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55