Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«Аталған факті бойынша Қарағанды-Сортировочная станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ведомство басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін мәлімдеді.