Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,7 пайызы), Нұр-Сұлтан қаласының (13,4 пайызы), Маңғыстау облысының (11,6 пайызы) тұрғындары тарапынан жолданған.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар – Отбасы банкі, «Қазақстан Халық банкі», «Altyn Bank», «Банк ЦентрКредит» және «Банк Фридом Финанс Қазақстан». Орындалған өтініштердің едәуір (жалпы санының 95,30 пайызы) бөлігі Отбасы банкі арқылы берілген. Қалған банктердің үлесі келесідей: «Қазақстан Халық банкі» – 3,23 пайыз, «Банк ЦентрКредит» – 1,39 пайыз, «Altyn Bank» (0,05 пайыз) және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» (0,03 пайыз).
Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу), жеке тұрғын үй салуға (меншікте жер телімі болған жағдайда) бағытталған. Бұл бағытта шамамен 2 трлн теңгеге (жалпы соманың 64,4 пайызы) 469 628 өтініш орындалды.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға (құрылысты қоспағанда), оны толық және ішінара өтеуге және қайта қаржыландыруға, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қосқанда) жалпы сомасы 402,2 млрд теңгеге (13 пайыз) 276 303 өтініш орындалды.
(Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»)
Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық, ішінара өтеуге және оны қайта қаржыландыруға 378,6 млрд теңге (12 пайыз) аударылды. Бұл дегеніміз – 261 128 өтініш.
Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыруға әрі қарай жинақтау үшін 249,2 млрд теңгеге (8 пайыз) 274 506 өтініш орындалды.
Тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша толық және ішінара төлем жасау, жекешелендіру, төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу және сату, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық (біржола есеп айырысу) нысаналы мақсаты бар азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жер телімін меншікке сатып алуды қамтитын өзге мақсаттарға 75,2 млрд теңге (2,4 пайыз) аударылды.
Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 422,1 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылған. Себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
Сонымен қатар БЖЗҚ емделуге берілген 293,5 млрд теңгеге 380 996 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Салымшылардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына уәкілетті оператордан (Отбасы банкі) 26,9 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражат өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
Емделуге берілген өтініштердің едәуір бөлігі тіс емдеуге – 284,5 млрд теңгеге 365 751 өтініш (емделуге берілген өтініштердің жалпы санының 96 пайызы) бағытталды. Сондай-ақ офтальмологиялық қызметтерге 5,1 млрд теңгеге 10 844 өтініш және орфандық ауруларды емдеуге 1,1 млрд теңгеге 1 251 өтініш орындалды.
2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға 7,9 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 4 975 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы – 1,6 млн теңге. Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт инвестициялық портфельді басқарушымен шарт жасасты. Айта кетейік, 7,9 млрд теңгенің 45,59 пайызы немесе 3,6 млрд теңгесі Jusan Invest-ке, 28,05 пайызы немесе 2,2 млрд теңгесі Halyk Global Markets-ке, 15,90 пайызы немесе 1,3 млрд теңгесі BCC Invest-ке, 10,46 пайызы немесе 0,8 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» компаниясына аударылған.